Әлемдік мәлімдеу қызметтері

 

Мәлімдеуші қызметі күніне 24 сағат, жылына 365 күн қол жетімді. ЗАң бұзушылық туралы күдігіңіз болса, қаласаңыз анонимді түрде мына әдістердің біреуімен мәлімдей аласыз:

 

 

Өз тіліңізде телефон арқылы мәлімдегіңіз келсе,

 - осы жерді басыңыз

 

 

Мәселені өз тіліңізде

интернетте немесе веб пішінінде көтергіңіз келсе,

 - осы жерді басыңыз

Amcor мәлімдеуші қызметіне қош келдіңіз

Amcor компаниясында біздің этикалық тәжірибелер мен адал қарым-қатынасты жақсартуға қосқан үлесіміз біздің әріптестеріміздің, тұтынушыларымыздың, жабдықтаушыларымыздың және басқа акционерлеріміздің бізді таңдаудағы маңызды себеп болып табылады.

 

Біздің негізгі құндылықтарымыз Amcor әріптестері ретінде біздің қалай әрекет ететінімізді айқындайды. Біздің негізгі құндылықтарымыз біздің тұтынушыларымыз және басқа акционерлеріміз бізден күтетін мінез-құлықты айқындайды және біздің Кодекс біздің барлығымыздан күтілетін мінез-құлықтық стандарттарды қамтиды.

 

 

Біз дұрыс нәрселерді істейтінімізді мақтаныш тұтынамыз.

 

Мәлімдеуші қызметі

Amcor мәлімдеуші қызметі барлық әріптестеріміз, тұтынушыларымыз, келісімшартқа отырушыларымыз, негізгі жабдықтаушыларымыз және басқа да үшінші тараптар үшін мына жағдайлар байқалғанда және олар туралы күдіктенгенде мәлімдеу құралы ретінде пайдалану үшін қол жетімді:

• Құқық бұзушылық (ұрлық немесе есеп-қисаптағы тұрақсыздықтар)

• Парақорлық/ жемқорлық

• Әдепсіздік/ заңға қайшы әрекет

• Мүдделер қайшылығы

• Қауіпсіздіктің және қоршаған орта саясаттары мен ережелерінің бұзылуы

 

Кейбір жағдайларда жергілікті заңдағы, шектеулердегі ауытқулар сіздің анонимді болып қалу құқығыңызға немесе сіз көтеруіңіз мүмкін мәселеге қолданылуы мүмкін. Мәселеңізді телефонмен немесе интернетте мәлімдеген кезде, қолданылуы мүмкін кез келген шектеулер туралы сізге хабарланады. Мәлімдеменің табиғатына байланысты оны жібере алмасаңыз, онда барлық уақытта құпиялығыңызды сақтайтын Мәлімдеушілер комитетімен (бас кеңесшілер тобы, кадрлар бөлімінің атқарушы вице-президенті немесе ішкі аудит жөніндегі топтың вице-президенті) хабарласуыңыз керек.

 

Amcor компаниясының мәлімдеуші қызметі «NAVEX Global» деп аталатын тәуелсіз үшінші тарап арқылы көрсетіледі. NAVEX Global компаниясы көптеген көп ұлттық компаниялардың мәлімдеуші қызметтерін жеткізушісі болып табылады.

 

Amcor компаниясында әріптестер мәселе көтерген жағдайда оларға қалай қолдау көрсетілетінін және қызмет мақсатын айқындайтын Мәлімдеуші саясаты бар.

 

 

Мәселені мәлімдеу

Мәселені мәлімдеу процесі:

• Мәселені мәлімдеген кезіңізде (екі әдістің кез келгенімен), сізге анонимді болып қалу мүмкіндігі туралы ақпарат беріледі.

• Сіз берген ақпарат бас кеңесшілер тобынан, кадрлар бөлімінен ішкі аудит жөніндегі топтан құралған Мәлімдеушілер комитетіне жіберіледі.

• Мәлімдеушілер комитеті тиісті жауапты анықтап, көптеген жағдайларда істерді қатысты компания топтарымен зерттеуге кіріседі.

• Барлық істер туралы мәлімдеме Amcor директорлар кеңесіне жіберіледі.

• Мәлімдемелер тез және білдіртпей өңделеді.

 

Сұрақтар мен жауаптар:

C.  Егер мәселемді анонимді түрде жіберсем, мен кейін белгілі болып қалмаймын ба?

Ж.  Жоқ. Amcor компаниясының мәлімдеуші қызметі Amcor компаниясының кіруге рұқсаты жоқ тәуелсіз үшінші тарап жүйелері арқылы көрсетіледі. Осы қызметті көрсету кезінде Amcor компаниясы қаралып жатқан істерде қандай телефон нөмірлерінің, электрондық пошта мекенжайларының немесе қатысты IP мекенжайларының пайдаланылатыны туралы ешбір жағдайда білмейтін болады.

 

С.  Егер растау нөмірімді немесе құпия сөзімді жоғалтып алсам не болады?

Ж. Растау нөмірі әрбір көрсетілген мәселеге арналған бірегей идентификатор. Егер осы нөміріңізді немесе құпия сөзіңізді жоғалтып алсаңыз, қауіпсіздікті сақтау себептерімен басқасын алу мүмкін болмайды. Мұндай жағдайда жаңа іс жасау керек және мәселеңіздің егжей-тегжейлі мәліметтерін қайталауыңыз керек.

 

Телефон арқылы мәлімдеу

Интернетте мәлімдеу

 

NAVEX Global негізінде | © 2017 NAVEX Global Барлық құқықтар қорғалған.